Гватемаладағы президент сайлауында актер көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гватемаладағы президент сайлауында актер көш бастап келеді

Гватемаладағы президент сайлауында актер көш бастап келеді

Гватемаладағы президент сайлауының бірінші турында ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс жасап көрмеген бұрынғы режиссер, актер-комик Джимми Моралес көп дауыс жинады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz


Актерге сайлаушылардың 24 пайызы дауыс берген. Ол осы нәтижемен, елдің бұрынғы бірінші ханымы, кәсіпкер Сандра Торреспен теңесті.

Енді екеуінің біреуі қазан айында өтетін президенттік сайлаудың екінші турында Моралеспен таласатын болады.

Бұрынғы мемлекет басшысы Отто Перес Молина кеден салықтарынан босату үшін импеораторлардан пара алды деген күдікпен қызметінен шеттетілген. Алайда, оның өзі тағылған айыпты теріске шығарып отыр.

Президент сайлауында тағы бір үміткер Мануэль Бальдисон болған. Алайда, сайлаушылардың дені оның достарының сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы туралы білгеннен кейін актер Моралеске дауыс беріп кетті.

Соңғы жаңалықтар