Г.Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында сүрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында сүрінді

Г.Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында ұтылып қалды.

  • 15 Тамыз 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ширек финалдық ойында Г.Воскобоева 2 сетте 6:1, 6:2 есебімен беларусь теннисшісі Виктория Азаренкоға есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француз Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын. Екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған еді. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сәт те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2. Ал қазақстандық теннисші үшінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 5-ші ракеткасы Марина Шарпованы 6:3, 7:5 есебімен ұтқан болатын.