Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ұрсам өз әйелім, өлтірсем өз қатыным!
Елімізде мыңдаған еркек дәл осындай түсінікпен өмір сүруде. Осы тақырыптың қасында жүріп, әбден психолог болып алдық. Мына еркек садист-тиран. Егер, әйелін ұрып өзім білемін десе, үйдегі 2 баласының қандай күй кешіп жатқанын елестету қиын!
Неге полиция бұл еркекке әйелдің қауіпсіздігін қорғау нұсқамасын бермейді?
Алдында Шымкенттегі марқұм Шолпан да қорғау нұсқамасының бар екенін білмеген. 7 баласы “Әкеміз бізді де аямай ұратын” деді. Неге ұстаз, әкім, инспекторға айтпадыңыздар десем, полиция әкемді үнемі жібере салған соң, бізге ешкім көмектеспейді деп ойладық.
Дәл мына еркек сияқты марқұм Шолпанның күйеуі де: сен ағаңмен жатқансың, ініңмен жатқансың деп миын жеп, тіпті, дәл сондай ток-шоуларды тауып алып балаларға “Міне, қараңдар! Шешелерің осындай!” дейді екен.
Басы кетпенмен 4-ке бөлінген Әзиманың күйеуі де мұғалім әйелін ауылдың бәрімен жатқызып, сол үшін ұрған.
Бишімбаевты алайық, Салтанат марқұмға “Сен Райымбекпен болдың ба?” деп 20 минутта 175 рет сұрағанын білесіздер.
Тиран-садистер ешқашан өзгермейді! Олар өз қиялын шындай көріп, өлексе болып жүре береді.
Қыздар, міндетті түрде жақ сындырып, көз көгермей-ақ күйеуіңізден психологиялық қысымға ұшырасаңыз полицияға жүгініп қорғау нұсқамасын талап етіңіздер!
Енді кішкене жүрсе мына әйел не мүгедек болады, не өледі. Ешкімнің ештеңесі кетпес, күйеуі отырады, ақпарат көнереді.
Шымкенттегі сияқты есік ашқан әр адамға жәутеңдеп балалар қалады, сол қиын”, — деп жазды журналист.
Естеріңізге салсақ, әйелінің қос қабырғасын сындырған қызылордалық әйелдердің құқығын қорғайтын заң күшіне енгелі қорлық көріп келе жатқанын айтқанын еді.