Гүлнәрдің жалғыз тұяғы - Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлнәрдің жалғыз тұяғы - Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Гүлнәрдің жалғыз тұяғы - Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды.

  • 7 Сәуiр
  • 10
Фото: Instagram/zhazirabegaly_tv

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Суыт хабарды журналист Жазира Бегалы мәлім етті.

«Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. 
Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жаннатта болсын», — деп жазды ол.

Көпшілік суыт хабарды естіп, жаппай көңіл айтып жатыр.

«Анасы қимай кеткен ғой. Алып кетті. Иманы жллдас болсын», «Анасына қатты қайғырды, желіде жиі салып отырды», «Әттеген ай!! Гүлнәрдің жалғыз тұяғы еді. Өмірінің қысқа болғаны өкінішті. Алла панасына алсын. Иманы жолдас болсын», — деп жазуда олар.