"Гүлзира Айдарбекова күйеуін тастап, баласын сүйрелеп, талай есікті тоздырды": Продюсер әнші Сырымды сахнадан да шеттеткені жайлы сұмдық ақпараттар тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Гүлзира Айдарбекова күйеуін тастап, баласын сүйрелеп, талай есікті тоздырды": Продюсер әнші Сырымды сахнадан да шеттеткені жайлы сұмдық ақпараттар тарады

"Гүлзира Айдарбекова күйеуін тастап, баласын сүйрелеп, талай есікті тоздырды": Продюсер әнші Сырымды сахнадан да шеттеткені жайлы сұмдық ақпараттар тарады

Әлеуметтік желіде продюсер Айдарбекова баласы Қайратты танымал ету үшін, талай есікті тоздырып, одан қалды күйеуі Нұртас Айдарбековтен ажырасқаны туралы ақпарат тарады.

  • 20 Мамыр
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде Гүлзира Айдарбекова жайлы түрлі ақпараттар тарады. Онымен қоса, келіні Жұлды да соның жасағанын қайталап жүр дегенді де айтты.

«Кезінде осы Айдарбекова деген баласы мен өзінің танымалдығын арттыру үшін істемеген бəлесі жоқ. Уақытша күйеуін тастап бойдақ қатынның образына кіріп, баласын сүйрелеп, талай есікті тоздырды. Баласының алдына шалқалап жатып түскен суреті үшін Нұрбибі Омар деген ақын қыздан оңбай сөз де есіткен еді. Дарынсыз баласын Сырымға қосып қойып, оның көлеңкесі боп жүріп, соның арқасында танымал болды. Кейін ол дуэттен жолын тауып, Сырымды ығыстырып, Қайратты жеке дара жетелеп жұлдыз қып шығарды. Мақсатына жеткен соң, Сырымды сахнадан шеттетіп, күйеуіне қайта қосылды. Енді келіні де енесі жүрген соқпаққа түсіп алып, желіні шаңғытып, жұртты шалғытып жүр», деп жазды.

«Келін, енесінің сүйегінен жаралады» деуші еді әжелеріміз! Рас па деймін!», «Нағыз аферист алаяқ болып тур ғой», «Апама жездем сай», деп пікір білдірді халық.