"Хайуандар көбейді": Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хайуандар көбейді": Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

"Хайуандар көбейді": Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

Қайрат Нұртас ұшақта шу шығарғаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынған еді.

  • 9 Шiлде
  • 37
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Әнші Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртастың қамауға алынуына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді», — деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін ұқсас жағдай шоумен, тамада Тұрсынбек Қабатовпен де орын алды.  Ұшақ бортында мас күйінде стюардессаға боғауыз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Сот шешімімен шоумен әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынған еді. 

Кейін Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамалды. Ол полиция қызметкерлеріне қысым көрсеткен. Оның ұсталған сәті видеоға түсіп қалған.