Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мысалы, Алматыда бұрын мемлекет-жекеменшік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған «Халық Арена» мен «Алматы Арена» нысандары (жер учаскелерінің ауданы — 15,9042 га, үй-жайлардың ауданы — 136 112,7 ш.м) коммуналдық меншікке қайтарылды.
Сонымен қатар, Атырау облысында «Мұз сарайы» (ауданы — 6 мың шаршы метр) спорт нысаны коммуналдық меншікке қайтарылды, ол 2018 жылы «Байбарыс-Атырау» хоккей клубын басқаратын жеке кәсіпкерге негізсіз берілген.
«Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңын қамтитын стадион мемлекеттік меншікке қайтарылды. Шымкентте 7 жыл бұрын 128 млн теңгеге сатылған «Мұз сарайы» спорт кешенінің үлесі (67%) де мемлекет меншігіне қайтарылды», — деді Биғайдаров.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендіріліп, «Айша бибі» су добы клубы болып қайта құрылған ЖШС мемлекет меншігіне өтті (клубтың меншік нысаны КММ-ге қайтарылды).
«Сондай-ақ, жалған құжаттар негізінде спорттық атақтар беру фактілері анықталды», — деп атап өтті спикер.
Айта кетсек, 2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі Алматы мұз ареналарын басқару бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жеке әріптесті анықтау бойынша ашық конкурс өткізді. «Халық Арена» және «Алматы Арена» мемлекет-жекешеменшік әріптестігі шеңберінде басқару құқығы жекеге берілді. Онда да бұл арада «M-Line Property Management» ЖШС туралы сөз болған.