Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшілеріне сілтеме жасап хабарлады.
«Halyk Bank» баспасөз қызметкері Досбол Арыстанбековтың телеарна тілшілеріне телефон арқылы берген мәліметтеріне қарағанда Halyk Bank кеңсесінде коронавирус жұқтырған банк қызметкері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Коронавирус жұқтырған Halyk Bank қызметкері емес. Ол кеңсеге келген басқа мекеменің адамы», — деп мәлімдеді Досбол Арысанбеков.
Еске салсақ, бұған дейін COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкері екені хабарланған болатын.