Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
«Қаншама жанкүйер «Қайрат-Реал» матчына билет таппай зар илеп жүрсе, Нұрлан Еспановтың ұлы билеттерді ашықтан-ашық сатып, бизнес жасап отыр. Бағасы — 1600 доллар!
Халық бір билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, ал бұл адамның қолында елудей билет.
Сұрақ — қалай⁉️
Бір адамға 3-тен артық билет сатылмайды деген уәде қайда? Тағы да баяғы таныстық, сыбайлас қамқорлық па?
Әкесінің құнына саудалап, алыпсатарлықпен айналысудан осындай ел алдындағы азаматтар ұялса нетті!!!», — деп жазды журналист.