”Халық көшеде босып жүр”: Айнұр Тұрсынбаева Түркияда жер сілкінгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Халық көшеде босып жүр”: Айнұр Тұрсынбаева Түркияда жер сілкінгенін айтты

”Халық көшеде босып жүр”: Айнұр Тұрсынбаева Түркияда жер сілкінгенін айтты

Түркияның Стамбул қаласында тұрып жатқан Айнұр Тұрсынбаева жер сілкінгенін айтты.

  • 23 Сәуiр
  • 82
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақынның сөзіне сенсек, жер сілкінісінің қуаты 4-5 балл шамасында болған.



“Жаңа ғана Стамбулда жер сілкінді. 4-5 балл болған сияқты. Дүкенде жүрген едік, іші шайқатылып кетті. Бүкіл ел көшеге шығып, бәрі босып жүр. Алла сақтасын. Стамбулда дер сілкінеді деп еді, осымен бітсе екен. Бәрі бала-шағамен сыртта жүр. Халық қайбір жылғы 50 мың адам қаза болған жер сілкінісінен кейін қорқып қалған ғой. Қаншама халық қырылып қалғаннан кейін қатты қорқып қалған. Қазір халықта паника болып жатыр”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстігінде 7 баллдық жер сілкінісі болып, 50 мыңнан астам адам қаза болып, жарақат алғандардың саны 45 мыңнан асқан еді.