Халық Талғардағы іске байланысты әділет һәм онлайн сот күтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық Талғардағы іске байланысты әділет һәм онлайн сот күтеді

Халық Талғардағы іске байланысты әділет һәм онлайн сот күтеді

Қонаевта өткен брифиңде көп нәрсенің ашығы айтылды.

  • 16 Қазан
  • 16
Фото: pixabay.com

Талғарға Қазақстандағы ең үздік оперлер барып, Шерзаттың өліміне себеп болған шулы істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазір «іске қатысы бар» деген күдікпен 10 адам қамауға алынған. Әуелі жеті адам бірден ұсталған, кейін үш адам жабылған. Қонаевта өткен брифиңде көп нәрсенің ашығы айтылды:

— Сыраның ақшасы төленген;

— Қыздардың қатысы жоқ сияқты, төбелестен аулақ кетуді ойлап біреуі қасындағы жігітті тынышталдырмаққа талпынғаны анық көрінді;

— ІІМ вице министрі Әленов «оқиғаға Хасан деген адамның қатысы жоқ» деп мәлімдеді;

Әлеуметтік желідегі айтылғанның көбі ресми ақпараттың жанында жәй қауесет екені ашық айтылды. Дегенмен, ресми ақпаратты осынша кешіктіріп, күттіріп берудің не қажеті бар еді?

Қазір ведмоство аралық комиссия құрылған, істің бүге-шігесін анықтау соның құзырында.

Бір анық: қылмыстылар құтылмайды! Қазір Қазақстандағы басты тақырыпқа айналған бұл шудан ши шыққаны Ішкі Істер министрлігіне де, Прокуротураға да қажет емес. Анығын, ашығын айтуды күллі Қазақстан талап етіп тұр!

Әділ Қазақстанның сөз жүзінде емес, іске асқан нұсқасын да көргіміз келеді. Демек, бұл іске зәредей қатысы бар адам жазадан қаша алмайды. Мейлі, қандай туысы қай кеңседе отырса да!

«Өйткені, Шерзаттың ісіндегі әділдік жәбірленуші тарапқа ғана емес — Мемлекеттің өзіне де керек дүр! Өлер бала өлді… Ауыр қасірет! Енді сол қыршынның сұраусыз кетпей — түгел Талғардағы былықтың ашылуына себеп болғаны керек», — деп жазды Алмас Алтай.

Тергеу аяқталған соң, сот отырыстары ашық жүргізіледі деген хабар бар. Онлайн көрсетілімдер де болуы керек. Қылмыстың қалай болғаны, әр секундына дейін ашық зерттеліп, анық көрсетілуі тиіс. Бұл әділетті шешім шығуы үшін керек-ақ.