Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды.

  • 11 Қыркүйек
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.

Перейти к новостям спорта