"Халыққа мен ғана көрінемін" деген талаптар маған біртүрлі көрінді" - Заңгер Бағдат Амандосұлы Шерзат ісінен не себепті шеттетілгенін айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халыққа мен ғана көрінемін" деген талаптар маған біртүрлі көрінді" - Заңгер Бағдат Амандосұлы Шерзат ісінен не себепті шеттетілгенін айтып берді

"Халыққа мен ғана көрінемін" деген талаптар маған біртүрлі көрінді" - Заңгер Бағдат Амандосұлы Шерзат ісінен не себепті шеттетілгенін айтып берді

Заңгер Бағдат Амандосұлы марқұм Шерзат Полаттың ісінен не себепті қуылғанын айтып берді.

  • 26 Мамыр
  • 71
Inbusiness.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Марқұм Шерзаттың ісінен қуылдым. Не үшін қатыстым түсініксіз. Мен, Бағдат Амандосұлы халықаралық құқық магистрімін. Жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметімді санамағанда 10 жылдық кәсіби заңгерлік тәжірбиемде талай істі көрдім. Соның ішінде осы Шерзаттың ісіне қатысуға ұсынысты үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Кейін мен бір кісілердің кесірінен түсініксіз себептермен, үнсіз шектетілдім. Сіздердің сұрауларыңызбен, мен үнсіз қалмауға бел будым. Сот цирк емес. Күлетін немесе ұйықтайтын орын емес. Ол адамның тағдырын шешетін орган. Өздеріңіз байқағандай мен бұл іске шын жүректен кірістім. Аптасына екі күн толық сот процесіне қатыстым. Ал қалған күндерімді куәгерлерге, сотталушыларға және мамандарға сұрақтар дайындаумен, талдаумен болдым. Бұның барлығы жәбірленуші тараптың, отбасының мүддесін қорғау үшін жасалды. Бірақ бұл істе жан тәнімен емес, тек сыртқы атақ үшін ғана келген адамдарға бөгет болған сияқтымын. Біреулерге «мен ғана сөйлеймін, мен ғана халыққа көрінемін. Мен ғана халықтың алдына шығамын. Мен ғана сұхбат беремін. Кімде кім сотта маған қарсы келсе немесе алдымнан шықса істен шығарамын. Себебі, бұл менің ғана ісім. Менің ғана ережем. Сендер тек қана жалдамалысыңдар. Естеріңде болсын» деген сияқты түсініксіз талаптар маған біртүрлі көрінді. Бірақ, сот мен үшін «Астарлы ақиқат» немесе «Көреміз» секілді ток-шоу алаңы емес. Бұл дәлелдер зерделенетін, оған құқықтық тұрғыда баға берілетін, нәтижесінде тиісті акт қабылдауға түрткі болатын орган. Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірімді ескертусіз қалдырып, ал кейбір қойған сұрақтар, өтініштер немесе қарсылықтар айтқан әріптестерім бірінен соң бірі бұл процеске қатысу құқығынан айырылды. Бұл кәсібилікке емес, эгоменен монополияға сүйенетін тәсіл деп ойлаймын. Мен бұған төзбеймін және көнбеймін. Себебі, мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатқа барынша жету үшін ат салыстым. Халық маған сенді. Шетттетілгенім үшін көңілі қалды. Мен сол сенімді ақтауға барынша тырыстым. Бірақ біреулердің көлеңкесінде қалмаймын. Себебі, бұл іс хайптың құралы емес. Ал маған хайп керек емес», — деді заңгер.

Адвокат Ләззат Ахатова әріптесі Бағдат Амандосұлын қолдап, Шерзат ісіндегі жәбірленуші тараптан тек Бағдагүл Ажығалиеваның ғана адвокаттық лицензиясы барын айтты.

«Мына жігіт кәсіби маман сияқты. Негізі қылмыстық істерге адвокатық лицензиясы жоқ, тек азаматтық істерде тәжірибе жинаған заңгерлер емес, мықты адвокаттар қатысу керек. Алдындағы тергеуде тер төккен адвокаттары қайда кетті? Өз басым жәбірленуші тараптың қорғаушыларынан Бағдагүл ханымды өз ісінің мықты маманы деп білем. Алайда біреудің қайғысын пайдаланып, өз атын шығару үшін әріптестеріне қиянат жасайтын әріптестерді еш түсіне алмайды екем..Өз басымнан да өтті, ондай қиянаттар», — деді Ләззат Ахатова.