"Халықтың көретіні "Қалаулым", Қоянбайдың сайқымазағы, Баянның арзан шоулары": Сәуле Әбілдаханқызы елден кеткен Ермек Тұрсынов пен отандық кино индустрия туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халықтың көретіні "Қалаулым", Қоянбайдың сайқымазағы, Баянның арзан шоулары": Сәуле Әбілдаханқызы елден кеткен Ермек Тұрсынов пен отандық кино индустрия туралы

"Халықтың көретіні "Қалаулым", Қоянбайдың сайқымазағы, Баянның арзан шоулары": Сәуле Әбілдаханқызы елден кеткен Ермек Тұрсынов пен отандық кино индустрия туралы

Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы елден кеткен Ермек Тұрсынов пен қазақ киноиндустриясы туралы бар шындықты айтты.

  • 19 Мамыр
  • 260
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Қалай десеңдер де, Ермек Тұрсынов — талант, нағыз кәсіби режиссер, көркем суреткер, философ. Кәсіби режиссерлерің көп пе еді? Марқұм Сатыбалды ағамыздан айырылдық… енді Ермектен басқа кімің бар еді көркем кино жасай алатын???

Касса, ақша дейсіңдер ме??? Күлкімді келтірмеңдерші!!!..Жартысы мәңгүрттенген, жартысы сақализммен зомбиланған бұл қоғамда Қожықов пен Қарсақбаев тіріліп келіп кино түсірсе де, касса жинай алмас еді…….

Ермектің киносы касса жинау үшін көрерменнің, халықтың, қоғамның, биліктің деңгейі сондай (Ермектің деңгейіндей) болу керек. Халқыңның көретіні хәләуләйлім «қалаулым» боп тұрғанда, қоянбайдың сайқымазақ фильмдері, баянның шығыны қымбат, деңгейі арзан шоулары «өтіп» тұрғанда, Ермектің ой салатын терең туындыларының касса жинамауы заңды…

Абайдың, Шәкәрімнің, Әуезовтің, Мағауиннің шығармаларын халқың жаппай оқи ма? Театрдағы классикалық шығармаларға халқың қырылып бара ма? Бұрынғы режиссерлеріміздің классикалық фильмдерін, тіпті, кешегі өткен Сатыбалды Нарымбетовтей нар режиссердің фильмдерін кинотеатрлардан айналдырыңдаршы, — халқың топырлап бара ма екен?

Сол секілді, Ермектің фильмдерін «көркем фильм» жанрын түсінетіндер ғана, оның философиялық ойларын, символикалық мағыналарын түсінетіндер ғана көреді… Ондай көрерменің көп пе? Жоқ… көп емес… он адам… жүз адам… ары кетсе, мың адам…

Сондықтан оның фильмдері сауатты киноға арналған, сауатты кино мамандары қазылық жасайтын фестивальдерде өтімді…

Ермек «касса» жинау үшін 30 жыл бойы билік тобырға айналдырған қоғамның санасы басқаша қалыптасуы керек еді……. Әрқайсысы өздерін тик-токтың, инстаграмның бір-бір «жұлдызы» санайтын, «размышление» — ой-пікір, сана-сезім, парасат-пайымнан жұрдай қоғамнан не күтесің?..

Көркем кино, шынайы туынды, философиялық фильм жасап жүрген, халық қырылып барып, кассаны лық толтырып, шыққан шығынды ақтап жүрген кәсіби режиссер бар ма өзі қазақта???

Ал көркем фильм жанрында толыққанды туынды жасай алатын Ермектен басқа ешқандай кәсіби режиссерді танымайды екенмін….

Талантын танымайтын, оқшау ойлай алатындарды ұға бермейтін елміз ғой, Ереке… Сіз өлген соң іздейтін шығар қазағыңыз… (Сатыбалды мен Қалдыбайды да өлген соң жоқтағанбыз…)Жолыңыз болсын!!!…», — деп жазды ол.