Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Хамас деген діни дүбәрәлардан құралған террористтер тобы өздері бастап Израильге шабуыл жасады. 1200 адамды өлтірді. Бұл онсыз да Палестинаға шовинисттік көзқарастағы Израиль үшін соғыс ашуға жақсы сылтау болды. Нәтижесінде Газа қаласы жермен-жексен болып, жүз мыңнан астам адам (30% балалар) қаза болды. Бұдан Хамас не пайда тапты? Ешқандай да. Бұдан керісінше Израиль пайда тапты деуге болады.
Қазір әлем елдерінің көпшілігі Палестинаның егемен ел екенін мойындап жатқан кезде, еліміздегі кейбір азаматтар Палестинаны айыптап, жерден алып, жерге салып жатыр екен. Бұл жерде Палестинаны Хамаспен шатастырмау керек. Палестина қайда, Газа қайда? Хамас радикал тобы Газаны Палестинадан бөліп алған. Хамас деген арамтамақ топ, Газа халқына деп әкелінген халықаралық гуманитарлық көмекті де халыққа бермей, ашкөзденіп өздерінің қоймаларына жинап жатыр. Израиль бұл жерде Газа халқымен емес, Хамаспен күресуі керек еді. Сонда әділ болар еді. Бірақ Израиль бүкіл Газа халқын қырып жатыр. Себебі олар Газаны өз аймағына айналдырғысы келеді. Мысалы Ресейдің Украина қалаларын қиратып жатқаны секілді.
Менің басымда «мұсылмандар» деген түсінік жоқ негізі. Менің басымда «саналы адамдар» деген ғана түсінік бар. Діннің атын жамылған санасыз қарақшыларды адам қатарына қоса алмаймын. Бұндайлар біздің елде де толып жүр», — деп жазды белсенді.