Еске сала кетейік, бұл кездесу 30 маусым күні Машантакетеде өткен болатын. Головкин өзінің қарсыласын үшінші раундта жеңіп, оның соққысынан британдық боксшы бірнеше минут бойы орнынан тұра алмады. Бұл қазақстандық спортшының өткізген 27 кездесуіндегі 27-ші жеңісі болды.
Головкин мен Маклин кездесуі HBO телеарнасында 25 желтоқсан күні Boxing's Best бағдарламасының аясында қайталап көрсетіледі.