"Хиджаб дауы" арқылы танымал болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджабқа оранды" - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хиджаб дауы" арқылы танымал болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджабқа оранды"

"Хиджаб дауы" арқылы танымал болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджабқа оранды"

Нұржамал Реметова есімді Facebook қолданушысы дабыл қақты.

  • 5 Наурыз
  • 341
Facebook

Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша «Хиджаб дауы» арқылы бүкіл елге белгілі болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджабқа орана бастаған.

«2018 жылы «хиджаб дауы» арқылы бүкіл елге танымал болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджапқа оранды.

«Хиджаб кигізбеді» деп, үш жыл бойы ұл-қыздарын мектепке жібермей отырған С.Мирзоев жеңіске жетті, тек оның қыздары ғана емес, басқа қыздар да бүгінде мектепте хиджаппен оқып жатыр.

Аудан әкімі, білім бөлімі, әкімнің идеология жөніндегі экс-орынбасары Алтын Ешанкулова да, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бабашов та бір Сайдакбарды дегенінен қайтара алмауының салдары осындай болды. Ешкім ешнәрсе істей алмады.

Мақтаарал ауданының басшыларының қолынан келмеді делік, ал Қазақстан халқы ассамблеясы қайда қарап отыр? Ассамблеяның мақсаты мен қызметінің негізгі бағыттары «мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту » емес пе еді? Министрлік бекіткен мектептің бірыңғай формасына қарсылық танытқан Сайдакбарды неге тәртіпке шақыра алмады? Айтпақшы,Сайдакбар Мирзоевтың әйелінің інісі Акбаржон Исмайлов — ассамблея кеңесінің мүшесі, республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы. Әпке-жездесі ұл-қыздарын сабаққа жібермей отырған кезде, Акбаржон ассамблея төрағасының орынбасары да болды. Өзінің әпке-жездесін райынан қайтаруға шамасы келмеген Исмайлов елдегі бүкіл тәжік диаспорасына сөзін өткізе ала ма?

Хиджапты қойшы, ассамблея осы отыз жыл ішінде өз мақсаты мен қызметінің негізгі бағыттары бойынша да айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады ғой. Шын мәнінде ассамблея өз жұмысын дұрыстап атқарған болса, диаспоралардың қазақ ұлтының маңына ұйысып, қазақ тілінде сөйлеп кететін кезі болды емес пе? Отыз жыл аз уақыт емес.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бюджет тапшылығы білініп, ел қиналып жатқан шақта бюджетке жүк қылмай, Қазақстан халқы ассамблеясын тарата салған жөн», — деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Фердауси атындағы орта мектептің хиджаб таққан қыздарды сабаққа кіргізбегені елде үлкен дау болған еді.