"Хиджабқа қарсы шыққанша, осыларды қолға алмай ма": Студенттерге дәріс оқыған ЛГБТ өкілдеріне қатысты тағы да шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хиджабқа қарсы шыққанша, осыларды қолға алмай ма": Студенттерге дәріс оқыған ЛГБТ өкілдеріне қатысты тағы да шу шықты

"Хиджабқа қарсы шыққанша, осыларды қолға алмай ма": Студенттерге дәріс оқыған ЛГБТ өкілдеріне қатысты тағы да шу шықты

Желіде бір топ студенттерге дәріс оқыған ЛГБТ өкілдерінің видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсіп жатыр.

  • 14 Ақпан
  • 218
Instagram/erkanat_kopjasar

Көпшілік ЛГБТ өкілдерінің білім ордасында қалайша дәріс оқуға рұқсат алғандарына аң-таң, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде тараған видеода ЛГБТ өкілдерінің еліміздің білім ордаларының бірінде, бір топ студент жастарды жинап, дәріс оқып жатқан сәтін анық көруге болады. Олар тіпті, дәріс барысында ЛГБТ туын да кабинетке іліп қойған.

Дәріс үстіне түскен әйел олардың мұндай қадамға қалай барғанын сұрап жатқаны байқалады. Алайда, дәріс оқушы нақты жауап бермейді.

Аталған видеоға қатысты журналист Ерқанат Көпжасар да өз ойын ортаға салған.

«Бұлар қандай мақсатта дәріс береді? Және сабақтарында өздеріне қарсы адамдарды талқылайтыны қалай? Гендерлік азшылық. Құқықтарына қол сұқпайық. Бірақ ЛГБТ дәл осылай оқу ордаларының қабырғасында насихатталуы керек пе?», — деп жазды ол.

Көпшілік ЛГБТ өкілдерінің жастар арасында қалайша мүмкіндік тауып, дәріс оқығандарына аң-таң. Олар желіде түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.