Диагноз белгісіз. Улану мен уландыруға қатысты күдік бар деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы ақпарат abdulla_kz_kz инстаграм парақшасында пайда болды.
«Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен. Көрерміз. Аман болайық, ағайын!», -деп жазған болатын.
Жағдай орынша боп тұр. Осындай ісіктер әр жерге шығады. Улаған деген күдік бар. Бірақ диагнозды әлі таппады. Барлық анализді тапсырдым», — деді депутат.
Қолымды көрген дәрігер 40 жыл қызметінде мұндай жағдайды алғаш рет кездестіргенін мойындады. Ол бұл уланудың белгісі екенін айтты. Ақпаннан бастап қолым ісіп бастады. Ауру өршіп жатыр. Дәрігерлер әлі нақты диагноз қоя алмады. Осы уақытқа дейін маған аллергияға қарсы дәрі жазып берді. Қазір жағдайы тұрақты», — деген еді депутат .
Депутат «кімнен күдіктенеді?» деген сұраққа жауап бере алмады.
«Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын», — деді Ермұрат Бапи.
Еске салсақ, депутат Ермұрат Бапи бетін тұмшалап, хиджаб киетіндерге тиым салу керек, деген болатын. Сондай-ақ, хиджабқа тиым салынса, елден кетем дегендерге жол ашық деген еді.
«Алды мен артына бір уыс топырақ! Кетсін. Қайда кеткісі келеді екен, ей? Лағып кетсін! Ондайларға шекараны бер жақтан ғана ашып қою керек… Жаттың сұрқия дәстүрлерін елге сіңіруге қарсымыз», – деді депутат Бапи.