Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді

Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бірыңғай пәнге біріктіру бойынша ведомство ұстанымын түсіндірді

  • 11 Желтоқсан
  • 3
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Біраз уақыттан бері қоғамда мектептегі жаратылыстану пәндері біріктірілетіні туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Министр Алматыда өтіп жатқан II халықаралық жас ғалымдар конгресінде осы турасында пікір білдірді.

«Бір мәселеге нүкте қойғым келеді. Қазір жаратылыстану ғылымдарын — физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру идеясы қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын нақты көрсетті, бұл пәндер біріктірілмейді», — деді министр.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, «физика физика, химия химия, биология биология болып қала береді және бөлек оқытылады».

Перейти к новостям спорта