«Иә, мен геймін». Роналду шын мәнінде не деген? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Иә, мен геймін». Роналду шын мәнінде не деген?

«Иә, мен геймін». Роналду шын мәнінде не деген?

«Висенте Кальдерон» стадионында қонақтардың киім ауыстыратын бөлмесінде мадридтік «Реал» ойыншыларының әңгімесі дұрыс нұсқада жария болды.

  • 22 Қараша 2016
  • 1087
Фото - Caravan.kz

Мадридтік ойыншылардың әңгімесін Испаниядағы ең атақты радиостанциялардың бірі Cope жариялаған болатын. Назарларыңызға радионың жүргізушісі Хуанма Кастаньоның сөздерін толық аудармамен ұсынамыз.

Сонымен, «Висенте Кальдерон» стадионының киім ауыстыратын бөлмесінде Роналду өз клубтастарына Кокемен болған қақтығыс туралы айтып берген.

— Коке маған гейсің деді.

— Не деді? — деп сұрады командадағы испан әріптестерінің бірі.

— Сен — гейсің, маған тура солай айтты.

— Ал сен оған не дедің?

— Мадридте кездессек, не істейтінімді көресің.

— Ал сен не істемексің?

— Ештеңе, мен не істеймін?

Осы сәтте әңгімеге тағы бір ойыншы қосылған (естеріңізге салайық, бұл «Висенте Кальдерон» стадионының киім ауыстыратын бөлмесінде болды):

— Не болып қалды?

— Коке маған гейсің деді. Ал мен "иә, мен геймін. Бірақ толған ақшам бар, ақымақ" деп жауап бердім.

Осы сәтті екінші жүргізуші:

— Сонда ол ұйқаспен жауап берген ғой (испан тілінде "гей" мен "ақымақ" сөздері ұйқасады)?

— Иә. Сонымен қатар, Криштиану былай деді: ол мені көгілдір деп атады, бірақ үш жыл бойы оларда Чемпиондар лигасында қиындықтар бар: біз оларды арттарынан … (осы сәтте сол қолының алақанымен оң қолының жұдырығын ұрады).


Бұл әңгіме «Висенте Кальдерон» стадионының қонақтар киім ауыстыратын бөлмесінде анық естілді. Бұл бөлмеде бос аймақ көп болғандықтан, жаңғырық жақсы естіледі. Қабырғаның артынан адамдар өтіп жатады. Ал бөлмедегі душта су ағып жатқандықтан футболшылар қатты сөйлеп үйреніп қалған. Бірақ олар бөлменің сыртындағы адамдардың бұл әңгімені естіп жатқанын білген жоқ.

Осылайша, киім ауыстыратын бөлмеде артық ешкім болмаса да, сол әңгімені бөлменің маңында жүргендердің бәрі естіді. Сондықтан біз басқа біреудің айтқан сөзін емес, футболшылардың өздеріне айтқан әңгімені ұсындық.

P.S. Бұл Соре радиостанциясының жүргізушісі айтқан тексттің аудармасы екенін естеріңізге саламыз.