"Иә, мен тұрмысқа шықтым": 5 баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иә, мен тұрмысқа шықтым": 5 баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты

"Иә, мен тұрмысқа шықтым": 5 баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты

Қазақстандық әнші, көп балалы ана Динара Сұлтан тұрмысқа шықты.

  • 14 Шiлде 2019
  • 176
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған фотосуретте танымал әнші балаларының ортасында сәнді көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Өз жазбасында:

"Иә, мен тұрмысқа шықтым. Және де менің сүйікті балаларым оның куәсі болды. Мен бақыттымын. Барлықтарыңызға осындай бақыт тілеймін", — деп оқырмандарына бақыт тіледі.

Әншінің таңдауы кімге түскені әзірше белгісіз, алайда желі пайдаланушылары Динара Сұлтанның ол адаммен көп жылдар бойы бірге екеніне сенімді. Бұған әнші үйлену суретке қол қойған #10years хештегі куә болуы мүмкін.

Жанкүйерлері оның балаларының әкесі кім екендігі туралы сұрақ қоюды тоқтатпағанымен,әнші жеке өмірі туралы тіс жарып ештеме айтар емес. Кейде парақшасына беті жартылай жабылған адамның суретін салып жұмбақтап қояды.


Сұхбаттың бірінде Динара Сұлтан сүйген адамы өзінен үлкен екенін, өз бизнесін жүргізетінін және үлгілі әке екенін айтқан еді.

Қазақстандық әнші Динара Сұлтан 2006 жылы "SuperStar.kz" музыкалық жобаға қатысқаннан кейінелімізде үлкен танымалдыққа ие болды. Кейінірек әнші China town тобының солисті болды.