«Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде IBF санкция жасамайтын IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс.
IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады.
Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF президенті Дэрил Пиплстің сөзін келтіреді Yahoo! Sports тілшісі Крис Мэнникс.