Ол жекпе-жек аяқталысымен «GGG, мен саған бара жатырмын» деген.
«Маған қазір достарым не айтатынын жақсы білем. Олар: Сэмми, райыңнан қайт, сен титулды алдың, атақтылармен айқасып тәуекелге барма», дейтін болар. Шынымды айтсам, мен үздіктермен сынға түсіп, өзімді тексеріп көргім келеді. Штурммен болған жекпе-жегімді АҚШ-та көрсеткені үшін қуаныштымын. Головкин оны көргені сөзсіз. Ол енді кіммен кездесетінін жақсы түсінген болар» деді австралиялық боксшы.