Ибрагимова: бірқатар өңірдің тұрғындары "Нұрлы жер" бойынша баспана алады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ибрагимова: бірқатар өңірдің тұрғындары "Нұрлы жер" бойынша баспана алады

Ибрагимова: бірқатар өңірдің тұрғындары "Нұрлы жер" бойынша баспана алады

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды. 

"Өздеріңізге белгілі, бағдарлама бойынша кезекте тұрғандарға үлкен жеңілдік жасалады. Оларға қомақты қаражат жинау міндет емес, 30 пайызын жинақтаса жеткілікті. Сонда жылына бес пайыздық мөлшерлемемен қарыз ала алады", — деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жалпы, оның сөзіне сүйенсек, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 145 үй немесе 8 672 пәтер салынып, олардың 4 мыңы салымшыларға берілді.


Жыл соңына дейін еліміздің әр өңірінде тағы 53 үй немесе 4 879 пәтер пайдалануға берілмек.