Беті ашылған «жаңа фактілер» ретінде Серік Сәрсенов 2 наурызда толтырылған хаттамаға қойылған куәгерлердің қолдары жалған екенін растаған сараптама қорытындысын атады.
Тағы бір дәйек ретінде адвокат Мәскеу мемлекеттік медициналық сот университеті өлімнің уақытына қатысты жасаған сараптама қорытындысын атап өтті. С.Сәрсеновтың айтуынша, Ресей сарапшылары «мәйіттерді тексергенде бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергендігін және сот медицина сарапшыларының қорытындылары ғылыми тұрғыда негізсіз жасалғанын», атап көрсеткен.
Сот сол жерде кеңесе отырып, адвокаттың өтінішін кері қайтарды.
Бүгін жарыссөз барысында Р.Ибрагимовтың жақтаушысы С.Сәрсенов өз сөзін жалғастырады.