Ignel компаниясының жетекшісі Нейл Буш алматылық студенттерге мектеп оқушыларына арналған бағдарламалық қамтамасыздық жобасын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ignel компаниясының жетекшісі Нейл Буш алматылық студенттерге мектеп оқушыларына арналған бағдарламалық қамтамасыздық жобасын таныстырды

Ignel компаниясының жетекшісі Нейл Буш алматылық студенттерге мектеп оқушыларына арналған бағдарламалық қамтамасыздық жобасын таныстырды

"Ересектердің басым бөлігі өз балаларының оқу мүмкіндіктерін бағалай бермейді. Оларды қарапайым орта мектептерде білім алуға итермелеу салдарынан қоғам балалардың басым бөлігінен ерте айрылады". Бүгін, 6-қаңтарда Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері алдында сөз сөйлеген Ignel Inc компаниясы басқармаларының төрағасы, қазіргі АҚШ президентінің інісі Нейл Буш осындай пікір білдірді.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

Н.Буштың атап көрсетуінше, оқулықтарда жарияланған материалдарды тұрақты жаттап қайталауға негізделген қазіргі білім беру жүйесі заман талабына сай келмей қалды. 19-ғасыр педагогикасының ғылыми жұмыстарына негізделген бұл жүйе шын мәнінде балалардан ықтияттылық пен әсіре зейінділікті талап етеді де, 21-ғасырдағы технологиялық мүмкіндіктерді мүлдем ескермейді. Соның салдарынан балалардың басым бөлігі білім деңгейіне қарай өз құрбы-құрдастарынан әлдеқайда кейіндеп қалады. Мұғалімдер олардың бұл ерекшелігін ұшқалақтыққа немесе «алаңғасарлыққа» жориды.

Алайда, Н.Буштың пайымдауынша, бұдан балалар оқуға қабілетсіз деген тұжырым жасауға болмайды. Балалардың дарын көзін ашуға түрткі болатын басқа әдістеме қажет. Ол — ойын немесе әндер көмегімен оқыту, балалардың өзі құштарлық танытатын компьютер секілді жаңа технологияларды пайдалану болмақ.
Н.Буштың айтуынша, ата-аналардың басым бөлігі 6 жастағы бала 500-3000 сөз біледі деп пайымдайтынына қарамастан, орташа қабілетті ондай бала 14 мың сөзді қабылдай алады. «6 жастағы балалар өте белсенді келеді, көп сұрақ қойып, үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтай алады. Сондықтан олардың осындай білімге құштарлығын дұрыс пайдалана білу қажет».
Осындай әдістемелердің бірі ретінде Ignel Inc компаниясының бағдарламалық қамтамасыздығын атауға болады деді Н.Буш. Бұл бағдарламаны қолдану нәтижесінде АҚШ-тың кейбір мектептерінде оқушылардың 86 проценті сыннан бірінші әрекеттен-ақ сүрінбей өтсе, әдістемені қолданбай тұрғанда мұндай көрсеткіш 42 процентті құраған.
Сөз соңында Н.Буш жаңа әдістеме мен бағдарламалық қамтамасыздықты Қазақстан мектептерінде пайдалану үшін сынақтан өткізу мақсатында елімізбен өзара ынтымақтастыққа әзірлік танытты.

Соңғы жаңалықтар