ІІД "Демалыс" атты алдын алу акциясын өткізді - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІД "Демалыс"  атты алдын алу акциясын өткізді - ШҚО

ІІД "Демалыс" атты алдын алу акциясын өткізді - ШҚО

Балалардың жол-көлік жарақаттануының (БЖКЖ) алдын алу мақсатында 2012 жылдың қараша айының 5-11 аралығында ШҚО ІІД ЖПБ «Демалыс» атты алдын-алу акциясы өткізілді.

  • 12 Қараша 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Білім беру органдарымен бірлесе жалпы білім беру мектептерінде және қосымша білім беру мекемелерінде ата-аналармен кәмелет жасына толмаған жүргізушілердің қатысуымен болған ЖКО алдын-алу бойынша кездесулер ұйымдастырылды. «Бағдаршамда демалыс жоқ!» девизімен жолдарда заңға бағынысты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған 45 конкурстар, викториналар, үйірме, дәріс-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Алдын-алу іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлығы 76 материал баспада жарияланды, 30 — телеарналарда көрсетілді, 25 — радиода шығарылды. 3 телеканалда 10 бейнероликтер жалға берілді. «Өскемен-Қазақстан» облыстық телеарнасында Жол полициясы басқармасының бастығы орынбасарының қатысуымен БЖКЖ ескерту жөнінде тікелей эфир өткізілді.
Акция аясында жаднамалар, буклеттердің 50 түрі, 6467 таралым данада әзірленді. Дәрістік насихаттау кезінде үндеухаттар техникалық оқу орындарының студенттерімен таратылды. Жол полициясы қызметкерлерімен патрульдік бағыттарда жаднамалар, буклеттер таратылды.
Жүргізушілер қиылыстан, жаяу жүргіншілер өтпелерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, жылдамдық режимін және балаларды тасымалдау тәртібін бұзуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралары өткізілді. Есепті кезең ішінде 2653 жол жүру ережесін бұзушылығы анықталды.
Акция кезеңінде балалардың қатысуымен 1 ЖКО тіркелді, нәтижесінде 1 бала жараланды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 50% төмендеді, қаза болғандар – тұрақты, жараланғандар 50% төмендеді.

Соңғы жаңалықтар