«Өңдеу өнеркәсібінің жоғарғы өсу қарқынына қарамастан өнеркәсіп саласының жалпы өсімі үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында қол жеткізілген қарқыннан 2 процент төмен болды»,- деді ол. Министрдің айтуынша, өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны төмендеуге тау-кен өнеркәсібі саласындағы жұмыс көлемінің азаюы әсер етті. Бұл саладағы жұмыс көлемі жарты жылдық қорытындысы бойынша 10,8%-тен қаңтар-қыркүйек айларында 7,6%-ке дейін азайған. Сондай-ақ, осы мерзімде мұнай өндіру қарқыны жарты жылдық қорытындысы бойынша 11,3%-тен қаңтар-қыркүйек айларында 7,6%-ке дейін төмендеді.
Қ.Келімбетов үшінші тоқсанда мұнай өндіру мөлшерінің азаюы еліміздің үш облысында, атап айтсақ, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты болғанын жеткізді. Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда түсті және әзіз металлдар өндіру көлемі 8,6%-ке азайған. Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда кен өңдеу және тазартылған мыс өндіру көлемі де біршама қысқарды. «Мұндай ахуал мыс өнеркәсібінің шикізаттық базасын нығайту жұмыстарының тоқырауына байланысты»,- деді ол.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «негізгі өнеркәсіп салаларының даму қарқынының бәсеңдеуі, өнеркәсіп өнімінің өсу динамикасының Жалпы ішкі өнімнің өзгерісіне әсер ету икемділігіне қатысты коэффицентті ескергенде, экономикалық өсім қарқыны жарты жылдық қорытындысы бойынша 10,2%-тен биылғы 9 айда 8,9%-ке дейін төмендеуіне апарып соқты «.
Қ.Келімбетов «жыл соңына дейін мұнай және түсті металл өндіру қарқынын қалпына келтіру арқылы Жалпы ішкі өнімнің өсім деңгейін болжамдық 9%-ке дейін жеткізу» қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ, Қ.Келімбетов өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынының төмендеуі әлемдік нарықта мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуына байланысты экспорттан түсетін кіріс көлемінің өсуіне әсер ете алған жоқ деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 айында Лондон биржасындағы мұнай бағасы бір баррель үшін 28,65 доллар деңгейінде болды. Алайда, мұнай бағасы әрбір баррель үшін 20-22 доллар деңгейіне дейін арзандаған жағдайда «бір тоқсан аясында мұнай өндіру көлемінің жоғарыдағыдай шұғыл азайтылуы елдің экономикалық дамуына нұқсан келтіре алады»,- деп атап көрсетті ол. Сонымен бірге экономика министрі егер мұнай бағасы бір баррель үшін 20 доллардан төмен түспесе, «Қазақстан экономикасы үшін бұл — айтарлықтай қатер тудырмайды» деп мәлімдеді. «Әйтсе де, ахуалды жіті қадағалап отыру қажет» деді экономика министрі.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр