ІІМ Алматыдағы жарылысты ұйымдастырушылардың кім екенінен хабардар, бірақ тергеушілер бұл деректі жорта елемей отыр - адвокат С.Сәрсенов - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ Алматыдағы жарылысты ұйымдастырушылардың кім екенінен хабардар, бірақ тергеушілер бұл деректі жорта елемей отыр - адвокат С.Сәрсенов

ІІМ Алматыдағы жарылысты ұйымдастырушылардың кім екенінен хабардар, бірақ тергеушілер бұл деректі жорта елемей отыр - адвокат С.Сәрсенов

12-мамырда Алматы орталығында болған жарылыстың мән-жайын тексеруші ҚР ІІМ-нің жедел тергеу тобы жарылысты ұйымдастырушылардың кім екенінен хабардар, бірақ тергеушілер бұл деректі жорта елемей отыр. Бұл туралы бүгін, 19-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында адвокат Серік Сәрсенов мәлімдеді.

  • 19 Шiлде 2004
  • 680
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 12-мамырында 15 сағат 58 минутта «Жібек жолы» сауда үйінің жанында жарылыс болған. Жарылыс салдарынан 1974-жылы Ақмола облысында туған Михаил Нартов есімді жігіт ауыр жарақаттанып, көп жерінен күйік алып, іші жарылып, оң қолы үзіліп, қайтыс болды. Оқиға орнынан «ТТ» маралы тапанша, киім жыртықтары, «Сименс» маркалы сынған ұялы телефон, шамамен 20-30 мың рубль көлемінде РФ Орталық банкінің қағаз ақшалары табылды. Сол күні қылмысқа күдікті ретінде ҚР боксшылар федерациясының вице-президенті Серік Қалиев пен оның жеке жүргізушісі Андрей Песков қамауға алынды.

С.Сәрсеновтың айтуынша, С.Қалиев полицияға ағынан жарылып көп мәліметтер айтып берген.
Соның нәтижесінде адвокат пен оның қорғауындағылар аталмыш қылмысқа тапсырыс бергендер мен оны орындаушылар туралы ақпараттардан хабардар болып, өз жорамалдарына қатысты уәждері мен дәлелдерін келтірген.
«Алайда, тергеушілер бұл деректерді жорта елемей, зардап шегушілерді ақтап алмай отыр». Алайда, адвокат бұл ақпаратты жария ете алмайды. Өйткені, адвокаттың тергеу барысындағы түсініктемелерінен абыржып қалған ІІМ-нің тергеушілері одан ақпараттарды жұртшылыққа жария етпеу туралы қолхат алған. «Осы қағаздың көмегімен олар менің аузыма қақпақ қойды»,- дейді ол.
Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, полиция тұтқындағыларға қысым көрсетуде. «Қамауға алынған алғашқы күні-ақ А.Песковтың жон арқасын полиция таяғының іздері тіліп өтті»,- деді С.Сәрсенов. «Құдайға шүкір, бұдан кейін ол соққыға жығылған жоқ. Бірақ қазір ол аптасына бірнеше мәрте ІІББ-на шақырылады. Оперативтік қызметкерлер адвокат пен тергеушінің қатысуынсыз 4-5 сағатқа жуық өткізілетін осындай кездесулерде «анасы мен жұбайын да қамауға алатындарын айтып» оған психологиялық және моральдық қысым көрсетуде»,-дейді қорғаушы.
С.Сәрсеновтың айтуынша, «Алматы қалалық ІІББ мен прокуратураға түсірілген барлық шағымдарға немқұрайды шығарып салма жауаптар қайтарылуда».

Перейти к новостям спорта