ІІМ асылып өлген сарбаздың адвокаты туралы: "Шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ асылып өлген сарбаздың адвокаты туралы: "Шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті"

ІІМ асылып өлген сарбаздың адвокаты туралы: "Шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті"

Айыпталушының мүддесін қорғайтын Сержан Пралиев сарапшылар өлген адамның аузынан ерлер биоматериалдарын тапқанын айтқан болатын.

  • 24 Қаңтар 2023
  • 1092
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

"20 қаңтарда заңгер Пралиев С., әскерге шақырылушынының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Пралиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті.

Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.

Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды", — делінген Polisi.kz сайтында.