ІІМ өкілдері Денис Теннің өліміне қатысты сұрақтарға жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ өкілдері Денис Теннің өліміне қатысты сұрақтарға жауап береді

ІІМ өкілдері Денис Теннің өліміне қатысты сұрақтарға жауап береді

Ішкі істер министрлігінде Денис Теннің өліміне қатысты тергеу жұмыстары бойынша брифинг өтеді.

  • 24 Шiлде 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Брифинг, бүгін, 24 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 12.20-да өтеді. Ведомство мәліметінше, журналистердің сұрақтарына ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов жауап береді. Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді. Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.
 

Соңғы жаңалықтар