ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды

ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының директоры Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

Б. Қожахметов атап көрсеткендей, қазіргі уақытта республиканың құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 15 тоннадан астам әртүрлі есірткі сақталуда. «Бұл есірткінің көлемін азайту оларды сақтауға және күзетуге байланысты шығындарды, сондай-ақ, екінші мәрте айналымға қайта шығу тәуекелін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті орталық жетекшісі.

Осыған байланысты ҚР есірткі саудасымен күрес комитеті тиісті ережелерді жасап шығарған. Қазір ол үкіметке жолданған. «Олар жақын арада үкімет қаулысымен бекітіледі деген ойдамыз», — деп хабарлады Б. Қожахметов. «Аталмыш нормаларды енгізу есірткіні тәркілене салысымен тек сот үшін азғантай ғана мөлшерін қалдырып, басқасын жоюға мүмкіндік берер еді», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар