ІІМ заңсыз мигранттарын еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыруда - Астана қалалық ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ заңсыз мигранттарын  еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыруда - Астана қалалық  ІІД

ІІМ заңсыз мигранттарын еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыруда - Астана қалалық ІІД

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. ІІМ-де заңсыз мигранттарды еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселе талқылануда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Борис Колесниченко құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2006
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Менің білуімше, ІІМ басшылары әкімшілік кодексіне күшейтулер енгізуді жоспарлауда (заңсыз мигранттарды еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті -Kazakhstan Today ескертуі), бұл қазір үкіметтік деңгейде шешілуде»,- деді Б. Колениченко. Оның ақпараттарына сүйенсек, әңгіме жеке тұлға үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғалар үшін 300-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру туралы болып отыр. «Қолданылатын шаралар одан да қатайтылуы , бұл мәселе талқылануда»,- деді Астана қаласының ІІД көші-қон полициясының бастығы.

Ол сонымен қатар, заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру іс-шарасының аяқталуына және оның «барлық қорытындыларын, барлық артықшылығы мен кемшіліктерін» айқындау нәтижесі бойынша ІІМ басшылары рақымшылық алу мүмкіндіктерін пайдаланбаған заңсыз еңбек мигранттарын табуға қатысты кең көлемдегі жедел — алдын алу шараларын жүргізуді жоспарлап отырғанан хабарлады. Б.Колесниченконың түсіндіруінше, бұл операция кезінде «тек мигранттарды ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілерді де жауапқа тартуға баса назар аударылады, өйткені, «заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық туралы» заңға сәйкес рақымшылыққа қатысу жауапкершілігі жұмыс берушіге жүктеледі. Бұл іс-шара келесі жылдың қаңтар айынан басталуы мүмкін»- деді Астана қаласының көші-қон полициясының бастығы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта