ІІМ-іне Қазақстанда тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға әрекет жасалып жатқаны туралы ақпараттар түсуде - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ-іне Қазақстанда тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға әрекет жасалып жатқаны туралы ақпараттар түсуде - толықтырылған нұсқа

ІІМ-іне Қазақстанда тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға әрекет жасалып жатқаны туралы ақпараттар түсуде - толықтырылған нұсқа

ІІМ-іне Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға әрекет жасалып жатқаны туралы ақпараттар түсуде. Бұл туралы бүгін, 17-қарашада Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Бізге мәлім болғанындай, радикал күштер халықты жаппай қамтыған тәртіпсіздіктерді бастау үшін арандатушы топтарды құруға және оларды қаруландыруға қамданып жатыр»,- деді Б.Мұхамеджанов.

Сонымен бірге министрдің айтуынша, «кейінгі кездері оппозициялық күштер өкілдерінің елдегі ахуалды ушықтыруға жиірек ден қою ағымы анық байқала бастады. Олар түрлі оқиғаларға шындыққа жанаспайтын саяси сипат беріп боямалауға көшті». «Менің пайымдауымша, мұндай ұстаным құқық қорғау мекемелерінің және жалпы биліктің беделін түсіруге талпыну, ел ішіндегі ахуалды тұрақсыздандыруға жасалған әрекет болмақ»,- деді ІІМ.
Құқық қорғау мекемелері «кейбір саяси қайраткерлердің қоғамда қалыптасқан қалыпты тіршілік ағымын бұзу үшін кейбір арандату шараларын жоспарлап отырғаны туралы ақпараттардан» хабардар. «Мұнымен ғана шектелмей, оппозицияның жекелеген жетекшілері тіпті құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің өзін параға сатып алу арқылы өзіне қаратуға талпынуда»,- деді министр. «Қандай саяси іспен шұғылданса да , заң бұзуға ешбір жанның құқығы жоқ»,- деді Б.Мұхамеджанов.
Осыған байланысты республиканың ішкі істер министрі «еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған кез-келген әрекетке ішкі істер органдары қатаң тосқауыл қоятын болады», деп ескертті. «Болуы ықтимал қақтығыстар мен олардың залал-зардабы үшін жауапкершілікті заңсыз шараларды ұйымдастырушылар жүктейтін болады»,- деді министр.

Перейти к новостям спорта