Иіс тиген «ПетроКазахстан Кұмкөл Рессорсиз» АҚ-ның 26 жұмысшысы дәрігерлер көмегіне жүгінді
Қызылорда облысындағы «ПетроКазахстан Кұмкөл Рессорсиз» АҚ-ның Арысқұм кенішінде жаңа жылғы түнде «Шапағат» ТОО «Жөндеу-механикалық зауытының №2 тұрғын үй корпусында өрт болды. |
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Жалын тілі бес сағаттан соң ауыздықталды. Онымен күреске «Қуат Амлон Мұнай»; ведомостволық өрт сөндіру бөлімінің 6 адамы мен 2 техникасы, сондай-ақ Қызылорда облыстық ТЖД-ның 2 маманы мен 1 техникасы тартылды. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыды. Газбен уланған 26 жұмысшы медициалық тексеруден соң амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін