ІХ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліндегі қазақстандық кинематографистердің табысы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІХ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліндегі қазақстандық кинематографистердің табысы

ІХ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліндегі қазақстандық кинематографистердің табысы

Татарстан астанасында (РФ) ІХ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі өз жұмысын аяқтады. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына әлемнің 29 елінен 40 фильм қатысты.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 530
Фото - Caravan.kz

Негізгі конкурста фестиваль жүлдесі үшін 50 фильм: 20 ойын фильмдері (10 толық метражды және 10 қысқа метражды), 20 деректі фильм және 10 анимациялық лента сынға түсті.

Фестивальдің негізгі конкурсында Қазақстан, Әзірбайжан, Германия, Иран, Татарстан (РФ) Сербия, Египет фильмдері жеңімпаз атанды.

Қазақстандық режиссер Айнұр Ысмайылованың «Әке» картинасы үздік қысқа метражды ойын фильмі болып танылды.

Сондай-ақ қазақстандық режиссерлердің конкурстан тыс көрсетілімдеріне режиссер Аманжол Айтуаровтың 2012 жылғы «Отан» толықмертражды ойын фильмі, режиссер Дмитрий Тархановтың 2012 жылғы «Қазақстан. Алыс та болса жақын» қысқа метражды деректі фильмі ұсынылды.

Негізгі конкурстық бағдарламаға ұсынылған жұмыстарға кеңестік және ресейлік кинорежиссер, сценарийші, продюсер, «Мосфильм» киноконцернінің бас директоры Карен Шахназаров бастаған халықаралық қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасы құрамында киносыншы және мәдениеттанушы Вера Ленгерова (Чехия), ирандық режиссер және продюсер Дәруіш Мехрджуи, сценарийші және режиссер Камара Камалова (Өзбекстан) киносыншы Әли Коса (Түркия), киносыншы Людмила Перегудова (Украина), Разиль Валеев (Татарстан) болды.

ТҮРКІСОЙ-дың арнайы жүлдесі Қазан халықаралық фестивалі үшін 2007 жылы тағайындалған болатын. Онда «Бабай» фильмі (түркі әлемінің мәдениеті мен дәстүрлерін үздік бейнелегені үшін) иеленген еді.


Марапаттау салтанаты ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының түркі әлемінің кинематографын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығын тапсырумен басталды. Оған Түркияның «Кэн» фильмі қол жеткізді.

Сондай-ақ қысқа метражды ойын емес картиналардың арасында бұл аталымда «Еріп бара жатқан арал» (Әзірбайжан) картинасы жеңімпаз атанды. «Масулех ауылы» (Иран) фильмі үздік анимациялық фильм болып танылды.

Перейти к новостям спорта