ИКҰ атауы Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ атауы Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілді

ИКҰ атауы Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілді

Ислам конференциясы ұйымының атауы Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілді. ИКҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің сессиясы (СІМК) барысында ұйымға мүше-мемлекеттер осындай резолюция қабылдады.

  • 28 Маусым 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

«Біз ұйымның атауы мен оның логосын (логотип – ҚазТАГ) өзгерту туралы бір тоқтамға келдік. Атауын өзгерту мен жаңа эмблеманы қабылдау туралы резолюцияны қабылданды деп жариялаймын», — деп мәлім етті ИКҰ СІМК 38-ші сессиясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Өз кезегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ұйым атауының бүгін қазақ жерінде Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілуі біздің модернизацияның, бірлігіміз бен бәсекеге қабілеттілігіміздің нышаны болатынын» атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар