«ИКҰ шеңберінде өзара азық-түліктік көмек көрсететін жүйе құруымыз қажет. Күн өткен сайын бұл мәселенің өзектілігі артып отыр», — деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл жүйе аймақтық азық-түлік қоры ретінде жұмыс істейді және мүдделі мемлекеттер аумағында азық-түлік пулдарын құруға болады.
«Біз азық-түлік экспорттайтын мемлекет ретінде осы ұйымның, осы қордың штаб-пәтерін Қазақстанға орналастыра аламыз», — деп атап өтті президент.