ИКҰ есірткі бизнесімен күрес бойынша мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ есірткі бизнесімен күрес бойынша мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр

ИКҰ есірткі бизнесімен күрес бойынша мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) есірткі бизнесімен күрес бойынша мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр деп есептейді.

  • 28 Маусым 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Бәрімізді Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады. Ұйымның өзі есірткі бизнесімен күрес бойынша өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отырғанын мойындау керек, өйткені соңғы 10 жылда ауған героинының өндірісі мен есірткі трафигі 10 есеге артқан», — деді ол сейсенбі күні СІМК сессиясында.

Мемлекет басшысының пікірінше, ИКҰ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы елшісі қызметінің белсенділігін арттырумен қатар, ИКҰ аясында осы елге көмек көрсету мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобын құру мәселесін қарау қажет.

Бұдан басқа, Н. Назарбаев ИКҰ-ның жаһандық қауіптермен күрес бойынша белсенділігі мен қызметін арттыру қажет деп есептейді.

«ИКҰ-ға ұйымның өз ішіндегі және сыртындағы оқиғалардың дамуы бойынша ықтимал сценарий жасап, терең болжау, сараптау жүргізетін тиімді орган, институт немесе орталық қажет», — деді ол.

ИКҰ бас хатшысы Экмеледдин Исханоглу да Ауғанстан проблемаларын шешуде ұйымның ролін арттыру қажеттігін айтты.

«Біздің ұйым ғаламдық көлемде үлкен мәнге ие маңызды ұйым деп танылғанын ескерсек, біз Ауғанстан проблемаларын шешуде көбірек қызмет атқаруға тиіспіз»,- деді ол.

Оның ақпараты бойынша, ұйым Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға қолдау көрсету мақсатында конфкеренция ұйымдастыруды көздеп отыр.

«Біз Пәкістан-Ауғанстан қарым-қатынастарындағы соңғы оқиғаларды, даму үрдістерін қолдаймыз», — деді ұйымның бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар