ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады

ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады

Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлім етті.

  • 27 Маусым 2011
  • 311
Фото - Caravan.kz

«Ертең Астанада ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясы өз жұмысын бастайтындығы белгілі. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен мүше мемлекеттерден қонақ ретінде шақырылған елдерден 1000-нан аса делегат қатысады. Осы орайда елордаға келген ұйымның Бас хатшысы доктор Эхмеледдин Ихсаноғлымен жаңа ғана біз келіссөздер өткіздік», — деді ол. Мнистрдің атап өтуінше, келіссөздер барысында іс-шараға дайындық жан-жақты талқыланды.

Мәртебелі мейманның Қазақстан Үкіметінің 38 сессияға бөліп жатқан көңілі үшін ризашылығын білдіріп, дайындық шараларына өте жоғары баға бергендігін айтқан Е.Қазыханов: «Ертең кеңестің ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, делегаттар алдында сөз сөйлейді», — деді.

Соңғы жаңалықтар