ИКҰ СІМК-інде мұсылмандық проблематика бойынша 100 резолюцияға қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ СІМК-інде мұсылмандық проблематика бойынша 100 резолюцияға қол қойылады

ИКҰ СІМК-інде мұсылмандық проблематика бойынша 100 резолюцияға қол қойылады

Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИКҰ СІМК) 38-ші сессиясында мұсылмандық проблематика бойынша 100 резолюци

  • 27 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИКҰ СІМК) 38-ші сессиясында мұсылмандық проблематика бойынша 100 резолюция қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

«СІМК қорытындысы бойынша Астана декларациясын, сондай-ақ, мұсылман әлемі үшін күн тәртібіндегі кең көлемді мәселелер бойынша 100-ден аса резолюция қабылдау жоспарланған. ИКҰ СІМК резолюцияларында Қазақстанның ұсыныстары да көрініс табады», — деді ол дүйсенбі күні брифингте.

Сыртқы саясат ведомствосының өкілі қазақстандық тараптың бастамаларын нақтылаған жоқ.

Сонымен бірге, сессия барысында ИКҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық бойынша жоспарын талқылау мақсатында жоғары деңгейде кездесу өтеді, деді министрліктің ресми өкілі.

СІМ-нің мәліметтеріне сәйкес, ИКҰ-ның СІМК отырысына 154 делегация шақырылды, оның 124-і Астанаға келетін болды. ИКҰ-ға мүше 56 мемлекет отырысқа қатысатындарын қуаттады.

Министрлер мен министрлердің орынбасарлары деңгейінде 40 қатысушы күтіліп отыр. Қатысатындар мен БАҚ өкілдерінің жалпы саны мың адамнан асады, деп нақтылады А. Әбдірахманов.

Мұның алдында СІМ басшысы Ержан Қазыханов ИКҰ бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглумен кездесуден кейін журналистерге ашылу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейтіні жоспарланып отырғанын хабарлады. Ол шара жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде ИКҰ бас хатшысы сессияның күн тәртібі кең екенін жеткізді.

«Күн тәртібіне дәстүрлі мәселелер кіріп отыр, соның ішінде Палестина мәселесі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада болып жатқан өзгерістер, Ауғанстан, Сомали, басқа да аймақтарға қатысты маңызды мәселелер енгізілді. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық мәселелері де талқыланады. Ертең сауданың преференциалды шарттары туралы келісім күшіне енеді», — деді ол. Алайда қандай преференциялар туралы айтып отырғанын анқыталған жоқ.

Еске сала кетейік, ИКҰ СІМК-інің 38-ші сессиясы 28-30 маусым күндері Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар