Жарияланды: 470

ИКҰ Сирия халқы мен ел билігін диалогқа шақырды

Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдіреді, деп ИКҰ бас хатшысы Экмеледин Ихсаноғлы мәлім етті.

«ИКҰ Сирия қалаларында болып жатқан тәртіпсіздіктерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Біз бұл елді ұлттық диалогқа шақырамыз және тәртіп сақшылары мен халық арасындағы қантөгісті тоқтату үшін Сирия үкіметі жариялаған реформаларды тездетіп жүзеге асыру қажет», - деді Э.Ихсаноғлы ИКҰ-ның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында. «Мен Тунис пен Мысырдағы демократиялық өзгерістерді қуаттаймын. (...) мен бұл өзгерістер тәртіпті күшейтіп, демократия мен экономиканың дамуын қамтамасыз етеді деп сенемін (...) », - деп атап өтті ол. Сонымен қатар ол «ИКҰ Ливия дағдарысын шешуге шақырады және Ливия халқының заңды талаптарын қуаттайды» деп қорытты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін