ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық Тәжікстаннан Қазақстанға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық Тәжікстаннан Қазақстанға өтті

ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық Тәжікстаннан Қазақстанға өтті

Бүгін Астанада Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы басталды.

  • 28 Маусым 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Оның ашылуында Қазақстан Респуликасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі 38-ші сессиясының төрағалығы лауазымын Тәжікстаннан қабылдап алды.

ИКҰ-ның 38-ші сессиясының салтанатты ашылуы барысында былтырдан бері 37-ші сессияға төрағалық еткен Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Низомиддин Зохидов жиынның маңызына тоқтала келе, төрағалықтың Қазақстанға өтуі Ұйым жұмысына тың серпін беретінін атап өтті. «Ұйымға Қазақстанның төрағалығы осы елдің ғана емес, өңірдегі мемлекеттердің одан әрі дамуына ерекше ықпал етеді деп сенемін. Біздің Ұйым құрылғалы бергі соңғы 40 жылда біз тұңғыш рет Орталық Азияда маңызды іс-шараны өткізіп отырмыз. Сөз соңында Жаратқан Алладан әлемнің әр бұрышындағы мұсылман үмметінің гүлденуін сұраймыз.Төрағалық етуші қазақстандық бауырларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін», — деді Х. Зарифи.

Естеріңізге сала кетейік, Ислам конференциясы ұйымы 1969 жылы құрылған, оның құрамына Азия, Латын Америкасы, Африка, Еуропадан 57 мемлекет кіреді. Ұйым қазіргі кезде БҰҰ-дан кейінгі әлемдегі екінші үлкен саяси бірлестік ретінде кеңінен танымал. Штаб-пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында орналасқан. Ұйымның басты ұстанымдары БҰҰ қызметінің негізгі қағидаларымен үйлеседі. ИКҰ діни бірлестік емес, ол — мұсылман елдерінің саяси-экономикалық және гуманитарлық мүдделерін қорғап, соған қызмет ететін бірден-бір кешенді халықаралық бірлестік. Халықаралық қатынастардағы ықпалы зор, әлемдік саяси және экономикалық өмірдегі көптеген маңызды үдерістердің басында тұрған Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік пен мәртебе деп айтуға болады.

Соңғы жаңалықтар