ИКҰ-ның Бас хатшысы Э. Ихсаноғлы: Қазақстан қиын кезеңде мұсылман елдері арасындағы көшбасшы мемлекетке айналып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ-ның Бас хатшысы Э. Ихсаноғлы: Қазақстан қиын кезеңде мұсылман елдері арасындағы көшбасшы мемлекетке айналып отыр

ИКҰ-ның Бас хатшысы Э. Ихсаноғлы: Қазақстан қиын кезеңде мұсылман елдері арасындағы көшбасшы мемлекетке айналып отыр

Қазақстан қиын кезеңдері мұсылман елдері арасындағы көшбасшы мемлекетке айналып отыр.

  • 28 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың төрағалық етуімен өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы барысында ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы осылай мәлімдеді.

«Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы өлшемді саясаты арқасында мұсылмандық бірегейлігін сақтап қана қойған жоқ, одан әрі жаңғыру жолын да табысты жалғастырып келеді. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы осынау қиын кезеңде Қазақстанның мұсылман елдері арасындағы көшбасшылыққа ұмтылғанының тағы бір көрінісі. Сондықтан да, алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында біз өз алдымызға қойған міндеттерімізді толық игере аламыз деп ойлаймын»,- деді Э. Ихсаноғлы.

Сонымен қатар ИКҰ Бас хатшысы Қазақстанның күш-жігері арқасында Ұйымның жұмысы жанданғанын да атап өтті. «ИКҰ өзінің ықпалы тек қатысушы мемлекеттер арасында ғана емес, халықаралық аренада да сезілуі үшін көптеген белесті еңсерді. Қазіргі күні Ұйыммен белсенді қарым-қатынас жасауға мүдделілер саны артып келеді. Біз ИКҰ имиджін көтере алдық. Сондықтан да бүгін ИКҰ халықаралық аранада аса белсенді түрде мәселелерге араласып келеді деп зор сеніммен айта аламын», — деді ИКҰ Бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар