Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында құлаған ағаштарды тазалау үшін 76 милион теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында құлаған ағаштарды тазалау үшін 76 милион теңге қажет

Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында құлаған ағаштарды тазалау үшін 76 милион теңге қажет

Іле Алатауы паркінде құлаған ағаштарды тазалау үшін Үкіметтің резервінен 76 миллион теңге қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен кеңес барысында айтылды.

  • 3 Маусым 2011
  • 884
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік мамырдың 17 күні Алматыдағы дауыл салдарынан Медеу мен Шымбұлақта, Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында 5 мыңға жуық ағаш құлаған еді.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, бүгінге дейін Алматы қаласына қарасты Медеу, Шымбұлақ аумағында құлған 4100 ағаштың 3100-і тазаланып болған. Қалған 1 мың ағаш алдағы уақытта тазаланатын болады. 4100 ағашты толық тазарту үшін жергілікті бюджеттен 75 миллион теңге бөлінген.

Кеңес барысында қала әкімі Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты аумақта әлі бірде-бір ағаштың тазаланбағанын атап өтті. Онда ешқандай жұмыс жүргізілмеген, қаржы мәселесі шешілмеген, арнайы құралдар да тартылмаған. «Бұл тек қала басшылығын ғана емес, тұрғындарды да алаңдатуда»,- деді қала әкімі. А.Есімов алаңдауға негіз- құлаған ағаштардан өрт тұтануы, сонымен қатар өзендердің жолын құлаған ағаштар басып қалғандықтан сел қаупі бар екендігін айтады. Сонымен қатар алдағы қыста қар көшкіні де болуы ықтимал. «Бұрын ағаштар қарды ұстайтын, енді үлкен мәселе туып тұр», -деді әкім. Ол арнайы техниканың көмегімен тездетіп тазалау жұмыстарын бастауды, жұмысшыларға еңбекақы төлеу мен оларға тұратын жағдай жасауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Ковальдің айтуынша Ұлттық парк аумағы жақын күндері тазалана бастайды. Бұл үшін арнайы жоба дайындалған. «Қазіргі кезде бірнеше ағаш дайындаушы бригада құрылды. Алдымен ескі жолдарды, өткелдерді, алаңдарды қалпына келтіру қажет. Онда жұмыс істейтін адамдар сол маңдағы киіз үйлерде тұратын болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін 76 млн. теңге көлемінде қаржы қажет»,- деді И.Коваль. Оның мәліметі бойынша зардап шеккен алаң 480 гектарды құрайды, сынған, құлаған ағаштың жалпы көлемі 97 мың шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар