Спартакиада бес жеке-командалық спорт түрлері бойынша өтті. Қарой ауылының құрамасы футбол мен волейболдан өткен турнирдің чемпионы атанса, «Қазбат» командасы қанат тарту, гир көтеру мен қол күрестіру бойынша бірінші болды.
Ауылдық округтің әкімі Виктор Поротиковтың айтуынша, Қарой футболшылары «қазаттықтарды» 5:0 есебімен жеңіп, америкалықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтқан.