Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталды

Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталды

Жұрттың жағасын ұстатқан тағы бір қанды оқиға - Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі қырғынға қатысты тергеу де аяқталған. Енді іс жақын арада сотқа жолдануы тиіс. Бірақ сойқан салды деген күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланғанымен, әлі ұстатар емес.

  • 20 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz


Ішкі Істер министрлігі жаппай кісі өліміне Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 37 жастағы Саян Хайров пен 34 жастағы жамбылдық Сәуірбек Ботабаевты айыптап отыр. Тергеу материалдарына сүйенсек, радикалды топтың бұл мүшелері бала-шағасымен бірге тау бөктерінде жасырыныпты. Ал бөгде кісілердің тұрып жатқанын қорықшылар біліп қойған. Сезік тудырғандардың кім екенін білмекке барғанда мұздай қаруланған қаскөйлер күзетшілерді бірден ажал құштырыпты. Кейін төменгі кордонға түсіп куәгер қалдырмасы үшін 12 адамды аяусыз қырып салған. Ақсай шатқалындағы қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің біразы Бағанашыл елді-мекеніндегі атыста көзі жойылған болатын. Тек Саян Хайров пен Зәуірбек Ботабаев тәртіп сақшыларының құрығынан сытылып кеткен. Екеуі әлі қашқында жүр.

Соңғы жаңалықтар