Әйелдер арасында 53 келіде Зүлфия Чиншанло рейтингтің біріншісі сатысында тұр. Тайпейлік Сюй Шуцзин екінші, Кристина Йову (Молдова) үшінші орынға жайғасқан. Тағы бір қазақстандық Гүлсара Төлегенова — 35 орында.
63 келіде Мая Манеза рейтингтің басында, ал Карина Горичева оныншы орында тұр. Екінші-үшінші сатыға Денг Менронг (Қытай) және Жоу Веню (Қытай) жайғасқан. Ал әлем чемпионы, олимпиаданың күміс жүлдегері Светлана Царукаева бесінші сатыда. Осы салмақтағы басқа қазақстандықтардың орны: Фаина Сыбанбаева — 17, Сәуле Сәдуақасова — 26 орын.
69 келіде Анна Нұрмағамбетова сегізінші, ал Жазира Жаппарқұл он бірінші орынға жайғасқан.
75 келіде Светлана Подобедованың шоқтығы биік. Гүлназ Наурызова — 24 сатыда тұр.
+75 келіде Александра Аборнева он үшінші орында.
Ерлер арасында Илья Ильин 94 келінің үздігі. Александр Иванов (Ресей) пен Анатолий Кырыкуды (Молдова) артқа тастаған. Алмас Өтешов жетінші орында тұр.
Басқа салмақтағы атлеттеріміздің нәтижесі төмендегідей:
62 кг — Ерболат Жоламанов — 26 орын.
69 кг — Әділбек Балқаев — 59 орын
77 кг — Нұрсұлтан Рахатов — 17 орын. Кирилл Павлов — 31 орын
85 кг — Ермек Өміртай — 36 орын. Ербол Мейрманов — 56 орын.
105 кг — Ибрагим Берсанов — 10 орын. Александр Зайчиков — 25 орын.
+105 кг — Дмитрий Каплин — 40 орын.