Ильхам Әлиев Әзербайжан президенті болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ильхам Әлиев Әзербайжан президенті болып сайланды

Ильхам Әлиев Әзербайжан президенті болып сайланды

Ильхам Әлиев Әзербайжандағы президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы Әзербайжан орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып жаңалықтарға арналған сайттар хабарлайды.

  • 16 Қазан 2003
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Сайлаушылардың басым көпшілігі Ильхам Әлиевті таңдады. Демек, сайлаудың екінші кезеңі болмайды. Ильхам Әлиев — заңды Әзербайжан президенті деуге болады»,- деп хабарлады Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Азер Сариев.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, И.Әлиев үшін сайлаушылардың 82 проценті дауыс берген. Оның ең басты бақталасы Иса Гамбар 9 процент көлемінде дауыс жинады.
ТМД елдері мен Еуропалық бірқатар елдердің бақылаушылары Әзербайжандағы сайлау әділ, ашық және жариялы өткендігін мойындады. Өрескел заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар